Диагностиканың кешенді бағдарламалары – бұл Сіздің денсаулығыңызға деген күтімнің әсерлі және ыңғайлы шешімі. Бағдарлама халықаралық ұсыныстарға сай, өзіне зерттеулердің және кеңес алудың оптималды көлемін қосады.
Статистика бойынша ерлердің денсаулық мәселелері қырық жастан асқан соң басталады. Алайда алаңдауды ертерек бастаған абзал.
Егер ер адам шылым шексе, мегаполисте мекендесе, онда өкпені жылына бір реттен кем емес тексеру қажет.
30 жастан соң қандағы қант концентрациясын бақылаған маңызды, ағзадағы липидтік алмасу жағдайын білген жөн. Артық салмақтың болуы, көмірсулар алмасуының бұзылуы – қан-тамыр ауруларының ерте даму қауіпі.
40 жасқа дейінгі жаста ерлер өмірдің барлық облыстарында белсенді: спортпен айналысады, көп жұмыс істейді, сырқаттарды аяқта тік тұра көтереді. Жұмыста қарқынды күштемені көтеруге мәжбүр еркектерде миокард жүрек ұстамасының даму қатері өте жоғары. Сондықтан біз 40 жасқа дейінгі еркектердің кешенді тексерілуіне ЭКГ қостық.
Еркектердің 40-қа дейінгі жасы — бұл жыныстық қатынас кезеңінің шыңы екенін ескере, жүйелі профилактикалық қаралу және жыныстық жолмен берілетін індеттерді қадағалау қажет. Және сондай-ақ зәр шығару жүйесі мен бауыр жағдайын қадағалау аса маңызды.
Жас кезде денсаулыққа осылайша мұқият көңіл бөлген жағдайда, 40 жастан соң денсаулықтағы қауіпті мәселелерді алшақтатуға көмектеседі.
Ер азаматтар әйелдерден қарағанда дәрігерлерге сирек жүгінеді, және, өкінішке орай, жиі қабылдауға асқынған аурумен келеді. Дәрігерге қаралуды кейінге қалдырмаңыздар.