МРТ әсерлілігі
МРТ (Магнитті-резонансты томография) ең кең таралған көрсетілімге ие, алайда көптеген жағдайларда магнитті-резонансты томография орталық жүйке жүйесі аурулары (бас және жұлын миы), тірек-қимыл апаараттары (омыртқа, бұлшық ет-буындық жүйе, буындар) және тағы көптеген ішкі мүшелердің ауруларын диагностикалауда қолданылады.
Бұл басқа диагностикалық әдістер, мысалы рентгенография, көрсетілген аурулар бойынша толық ақпарат бермейтінімен байланысты. МРТ ұлпалар мен мүшелердің динамикалық процесстерін зерттеуде өте әсерлі — мысалы, қан ағымы жағдайы және оның ақаулары нәтижелері.
Қажет болған жағдайда процедура контрастты затты енгізу арқылы өткізіледі, бұл диагностикалық ақпаратты алу мүмкіндігін жоғарылатады.
Сонымен бірге заманауи компьютер техникасы кез-келген мүшенің кеңістіктегі үлгісін алу мүмкіндігін береді, ал бұл олардың жағдайы жайлы дәрігерге максималды ақпарат беріп, нақты диагнозды анықтауға көмектеседі.